Наурыз - көнеден келе жатқан мереке. Қыстан аман шыққан халық Наурызды асыға күтеді. Барлық қуаныш пен жақсылықтың бастауы болсын, деп тілек білдіріп жатады. Наурыз мерекесінен балалар да шет қалмады. Ұлық мерекені балабақшадан атап өтудегі басты мақсат - салт-дәстүр, Наурыз құндылықтарын дәріптеу. Бұл - бала тәрбиесіндегі басты қағида. Осындай игі шара бүгін «Сауле»бақшасында өткізілді.
Кішкентай бүлдіршіндері өю-өрнектеп тігілген, көздің жауын алатын киімдерді киіп, «Қамажай», «Адай» биін билеп, ән салып, ұлттық ойындар күрес, қол күрестен өнерлерін көрсетіп, көрермендерді таң қалдырды. Сонымен қатар Наурыз мерекесіне арналған ұлттық нақыштағы бейнеленген киіз үйдің ішіне қазақтың кебежесін, шымылдығын, ат әбзелдерін, ыдыс-аяқтарын қойып безендіріп, дастархан жайылып, арнайы дайындалған. Өнерлі тәрбиешілеріміз «тұсау кесу», «баланы бесікке салу», «шашу» шашу сынды ұлттық көріністерін көрсетіп, мерекенің шырайын келтірді.
Мерекеге келген ата-әжелер дән риза болып, өздерінің жылы лебіздерін білдіріп жатты. Шара соңында қонақтар арнайы дайындалған наурыз көжеден дәм татып, баталарын берді.
Қаралым саны: 72















