Ұйқыдан кейінгі сауықтыру-шынықтыру шаралары

Түскі ұйқыдан кейін баланың сергек болуы тәрбиешінің ерекше назар аударуын талап етеді. Түскі ұйқыдан кейін баланы сергіту гимнастикасы оның дене бітіміне жайлылық және психологиялық жағымды әсер береді. Ұйқыдан ояну кезі келгенде ақырын, ырғақты әуен қоямыз, оянудың міндетті шарттарын сақтай отырып баланың оянуына мүмкіндік береміз – бастапқы күйде – арқасынан жатады, қолы денесінің бойымен ұзыннан созылып, денені еркін ұстап, тыныштықта болады. Гимнастика кешені тұрақты. Ай барысында әуен ауыстырылмайды, ал жаттығулар ойын түрінде жүргізіледі, жаттығуларды 1 - 2 айдан кейін ауыстырып отырамыз. Түскі ұйқыдан әрбір бала жеке оятылады. Біздің топта ұқсастықтары бойынша ең жеңіл, қарапайым жаттығулар жүргізіледі.

Тәрбиеші балаларды көтеріңкі көңіл-күймен ояту керек. Өйткені ұйқыдан оянған баланың бірінші көретіні - ол күлімдеген жылы жүзді адам.

Ұйқыдан ояту шараларын баланың жас ерекшелігіне сай 7 минуттан бастап 15 минутқа дейін жүргізуге болады. Ал ересек топ балалары үшін 20 минутқа дейін созылуы мүмкін.

Ұйқыдан кейінгі сергіту жаттығуларының түрлері:

1. Төсек үсті жаттығулар мен өзін - өзі массаж

2. Ойын түріндегі массаждар

3. Әр түрлі массажды құралдарды пайдалану арқылы жаттығу жасау

4. Табанға арналған кілемшелер үстімен жүру

5. Шынықтыру - сауықтыру

6. Музыкалы - ырғақты жаттығулар

 

Сергіту жаттығулары аяқталған соң міндетті түрде мәдени - гигиеналық талаптар (жуыну, ауыз қуысын тұзды сумен шайқау) орындалады.

05.04.2023
Қаралым саны: 109
Сүйіспеншілікпен қабылдап, жан-жақты дамытамыз, абыроймен тәрбиелейміз, мақтанышпен шығарамыз ...