«Ақ бота» қазақ халық биінің қалалық байқау-фестивалі өтті

Дәстүр бойынша жаңа жылдық мерекелер қарсаңында 2023 жылғы 20 желтоқсанда «Ақбота» бөбекжай-бақшасы" МКҚК-да Петропавл қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиеленушілеріне арналған «Ақ бота» қазақ халық биінің қалалық байқау-фестивалі өтті.

Мектеп жасына дейінгі балалар әртүрлі аталымдарда өздерінің дағдылары мен таланттарын ұсынды. Атаулы байқауда биыл біздің балабақшамыздың жұлдызы жанып, педагогтеріміз Ермолаева Елена Николаевна, Нурманова Раушан Кабыкеновна, Косолапова Татьяна Валерьевна дайындаған бұлдіршіңдеріміз Гран-при ұтып, жеңімпаз атандық.

Осы іс-шараны ұйымдастырған "Ақбота" бөбекжай-бақшасының" ұжымына алғыс айтамыз!

 

https://cloud.mail.ru/public/6Dyx/ubhspb4vX

 

21.12.2023
Қаралым саны: 98
Сүйіспеншілікпен қабылдап, жан-жақты дамытамыз, абыроймен тәрбиелейміз, мақтанышпен шығарамыз ...