Біз туралы

Байланыстар

МКҚК «Сәуле» бөбекжай-бақшасы» Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы,  Новая көшесі, 114 мекен жай бойынша орналасқан.

Жұмыс аптасы дұйсенбі–жұма күндері  аралығында, таңғы 8:00-ден до 18:30 с. дейін өтеді.  

Электрондық пошта: sauleds@mail.ru.

Домендық аты: saule.edu.kz.

Байланыс телефондары:  меңгеруші 8-7152-39-83-48, әдіскер 42-61-25, есеп бөлімі 42-55-70.

 

«Бала тәрбиесі – бесіктен»
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе»
(М. Әуезов)

 

«…Баланы жан – тәніңмен сүймей баламен жұмыс жасау – ескексіз қайықпен су бетінде әрлі – берлі толқынмен бірге бағытсыз ырғу» Сол балаға деген сүйіспеншілік мәні осы мамандыққа әкелді.

… Бала дүниеге іңгәлап келгеннен кейін, өз отбасымен, өз елімен қауышып, бесіктен түлейді.
Бір жасқа толып , аяғын апыл- тапыл басқаннан кейін өзінің жеке – дара бесігінен , «Балабақша» деген үлкен бесік тәрбиесіне беріледі. Балабақша – баланың жүйелі түрде білім – тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Балабақшаның балаға беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы, сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, ұстазға байланысты.

Ұстаз – киелі мамандық. Ол ертеңгі болашақты, болашақ иесін – ұлтын тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу , оған ғылым негіздерінен мағлұмат беру, баланы өмір сүруге икемдеу, адами қылықтарды бойына дарыту – ол оңай шаруа емес.

Тәрбиеші – суретші, әртіс, әдебиетші, ақылшы, дос және бала жанын бағамдар психолог.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қарай қоғамда оңды өзгерістер көп болды. Елдің ертеңі мен ұлт болашағын жан – жақты тұлға ретінде қалыптастыруда мектепке дейінгі мекемелерге де үлкен жүк артып отыр.

Сексембаева Асель Керимхановна — меңгеруші

Сексембаева Асель Керимхановна

Жоғары кәсіби мектепке дейінгі және психологиялық білімі бар, педагогика магистрі.

Біздің мамандығымыз — бұл біздің өмір жолымыз. Біздің балабақша – бұл бөлек әлем, гүлденген көгал. Балабақша бізге балада бар ең нәзік – бала жан дүниесін сезінуге, аялауға, бағалауға үйретеді, баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуында ерекше орын алатын сатысы. Балабақшада балаға қажетті, сетінемейтін махаббат жібі бар. Ұзақ жылдар жасағандығына қарамастан, балабақшаның әр кірпіші, әр бұрышы ешқашан ескірмейтін мейірім мен сүйіспеншіліктен тұрады. Балалардың күлкісі мен мейірімі арқасында біздің балабақша жыл өткен сайын гүлденіп, көркейіп, жасара түсуде. Педагогикалық ұжым төмендегі қарапайым ғана шындықты мойындаған кезде ғана, балабақша аймағы мейрімділік территориясына айналары сөзсіз.

Ол — ешқашан өзіңді баладан жоғары қойма, өзіңнің қолыңнан келмейтін нәрсені баладан талап етпе! Осы бір шындықты түсінген кезде ғана, бала өзін тек тәрбие құралы ғана емес, ең қиын тапсырманы сеніп тапсыруға болатын сенімді серіктес ретінде сезінетін болады. Ең бастысы - балабақшаны тек оқу-тәрбие ошағы деп санамай,  баланы түсінетін, әрдайым көмек қолын созатын әлем деп сезіну. Осындай мейірім  мен сүйіспеншіліктің аймағы — ол біздің балабақшамыз. Сондай-ақ, ол мәңгілік балалық пен жастықтың ордасы. Балабақша бізге өз мүмкіндігімізді толық көрсетуге, баламен бірге балаша ойнауға, ойлауға, еркелеуге, қиял әлеміне шарықтауға, ертегілер еліне саяхат жасауға мүмкіндік береді.

 

Жалмурзина Гульмира Кожгалиевна — әдіскер

Жалмурзина Гульмира Кожгалиевна

Жоғары кәсіби мектепке дейінгі білімі бар, педагогика магистрі.

Балабақшаның әрбір күнін қызықты да тартымды, мәнді де мағыналы өткізуді жоспарлаған тәрбиешінің мақсаты – бала тағдырына жауапты екенін естен шығармау. Сол себептен өз ісімді балабақшамыздағы тәрбиешілердің заман талабына сай білімдерін жетілдіріп, шығармашылықпен жұмыс жасауына бағыт бағдар беріп қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын. Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау, жаңа технологияларды дамыта отырып балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру мақсатында балабақша педагогтарын жаңа технологияларды меңгерту курстарына қатысып білімдерін жетілдіріп отыруда. Біздің балабақшамызда мамандардың өз шеберлігін арттыру мақсатында төмендегідей формада жоспарға сәйкес жұмыстары жүргізіледі.

 

Тлеулина Нуриля Орынбаевна – тәрбиеші

Тлеулина Нуриля Орынбаевна

Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт.Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар маған қажетігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы — әр тәрбиешінің бақыты.

 

Косолапова Татьяна Валерьевна – тәрбиеші

Косолапова Татьяна Валерьевна 

Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан -тәнімен сезіне білуі қажет.Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты.Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күндерімді ой елегінен өткізе отырып, балаларымның ыстық ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарымен, сәбилік шын жүректерімен айтқан сөздері есіме түскенде шаршағанымды ұмытып кетемін.

 

Скрипник Ирина Владимировна — тәрбиеші

Скрипник Ирина Владимировна

Осы бір «Балалар әлемінің теңізіне»бір бойласам, ешқашан өз мамандығым-ды өзгерткім келмейді.Тәрбиешінің әрбір өткізген сабағы баланың ақыл-ой парасатын дамыта білетіндей, баланың жас ерекшелігіне сай құрылса, баланың ынта – жігері артары сөзсіз деп білемін...

 

Сулейменова Мадина Абаевна — тәрбиеші

Сулейменова Мадина Абаевна

Өзімнің еңбек жолымда әрдайым балалардың тілін, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту мақсатында ертегілерден көріністер ұйымдастырамын. Себебі бала ролде өзі ойнаса сол кейіпкердің бойындағы барлық қасиет дағдыларын ой елегінен өткізіп саралайды. Ақылмен ойланады. Ол үшін тәрбиеші бойындағы асыл қасиет – ақыл-парасат болуы шарт.

 

Нурманова Раушан Кабыкеновна - тәрбиеші

Нурманова Раушан Кабыкеновна

Баланың ішкі жан дүниесіне жол тартқан тәрбиеші ең нәзік те мөлдір, алайда, сонымен қоса, ең күрделі де жұмбақ әлемге енеді. Қазіргі заман тәрбиешісі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Тәрбиеші жігері оның бала санасына «мол суымен сабырлы аққан кең арналы өзендей» таси құйылған білімі мен дана тәрбиесінен көрінеді.

 

Сагандыкова Майраш Балташевна — тәрбиеші

Сагандыкова Майраш Балташевна

Тәрбиеші жолы қиынырақ басқадан,

Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.

Шаршаса да осы жолдың бойында,

Қандай рақат,шын бақытын тапса адам....

 

Кабылова Сауле Баязитовна - тәрбиеші

Кабылова Сауле Баязитовна

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін маман-дық бұл – тәрбиеші мамандығы.Таңғажайып балалар әлемімен тереңірек танысып, өз өмір тәжірибемнің мейірімінің дәндерін қондыру-менің жұмысымның мәні.

 

Махметова Гульмира Беркутбаевна — тәрбиеші

Махметова Гульмира Беркутбаевна

Тәрбиешінің жұмысқа шат көңілмен, ширақ қарауы балаларды сергітіп, жұмысқа жұмылдыра түседі. Енді, тәрбиеші маманымен дәрігерді салыстырып көрелік. Дәрігер баланы тексеріп алмай, диагноз қойып қателесуіне құқығы бар ма? Жоқ, құқығы жоқ. Сол сияқты тәрбиеші маман да баланы алдын ала зерттеп алмай оған тәрбиелеу мен дамыту әдістерін қолдана алмайды. Бастысы әр баланы зерттеп, зерделеп алып, мінез-құлықтарындағы ерекшеліктеріне сай тәрбиелеу.

 

Миненко Ольна Александровна — тәрбиеші

Миненко Ольна Александровна

Балалар - өмір гүлі. Ал гүлдер ешқандай жасандылықсыз, шынайылық пен баптағанда ғана өседі. 

 

Усикова Татьяна Васильевна — тәрбиеші

Усикова Татьяна Васильевна

Тәрбиеші-балаға бағыт-бағдар, тәлім — тәрбие беретін отбасынан кейінгі екінші анасы. Тәрбиеші болу- айтуға ғана оңай шаруа болғанымен, бұл мамандықтың қоғам үшін қаншалықты маңызы барлығын сол кәсіпті таңдағандар, осы жолда еңбек етіп, тер төгіп  жүрген жандар ғана түсінеді.

 

Колесников Андрей Николаевич — дене тәрбиесі мұғалімі

Колесников Андрей Николаевич

Дене шынықтыру мұғалімдеріне тек сабақ беру ғана емес, сонымен қатар балалардың өз бетінше спортқа деген қызығушылығын ояту, денсаулығына ұқыпты қарау дағдыларын қалыптастыру міндеттері жүктелген. Менің  негізгі мақсаттарым:

  • баланың денесін жалпы нығайту, оны қатайту;
  • ақыл-ой және дене қасиеттерін үйлесімді дамыту;
  • бала ағзасының қалыпты физиологиялық дамуын қамтамасыз ету;
  • балалардың өнімділігін арттыру.

Дене шынықтыру мұғалімі сабақты барлық балалардың, соның ішінде медициналық шектеулері бар балалардың қызығушылықтарын ескеретіндей етіп ұйымдастыруы керек.

 

Габдуллина Райхан Женисовна — преподаватель казахского языка

Габдуллина Райхан Женисовна

Күнделікті сабаққа кірген кезде бүлдіршіндердің жүздеріне мұқият қарап, олардың көңіл - күйлерін түсінуге аса мән беремін. Кейбір балалардың көңілдері көтеріңкі, жайдарлы болса, кейбіреулерінің сабаққа ешқандай құштарлығы болмайды. Сондай сәтте мен сабағымды жақсы көңіл көтеретін әнмен, өлеңмен бастаймын. Бұл әдіс бір жағынан балалардың көңілін көтереді, екінші жағынан сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын арттырады.

Мен тіл маманы болғандықтан өзге ұлттың балаларына қазақ тілінде дұрыс сөйлеуге, ойын еркін жеткізуге үйретіп қана қоймай, оларды қазақ халқының салт- дәстүрін, мәдениетін сыйлауға, мемлекеттік тілді қадір тұтып, сыйластықпен қарауға үйретемін....

 

Ермолаева Елена Николаевна — музыкалық жетекші және хореограф

Ермолаева Елена Николаевна

Менің мамандығымда ең үлкен екі ғажайып байланысты - балалар мен музыка. Мен бала тұлғасының туу бастауында тұрамын. Музыканың дамуына көмектесетіні маған байланысты ең жақсы қасиеттер: рухани сезімталдық, қоршаған әлемнің үйлесімділігін сезіну қабілеті, мейірімділік, сұлулыққа бейімділік.

 

Балабақшамыздағы оқу-тәрбие үдерісі кезіңде  жоғары сапалы медициналық қызметті  медицина қызметкері Нурканова Айгуль Кайровна қамтамасыз етеді.

Нурканова Айгуль Кайровна

Елеукина Асия Амирхановна — шаруашылық меңгерушісі

Елеукина Асия Амирхановна

Шаруашылық меңгерушісі болу оңай емес, жұмыс барысында мен бойымда бірнеше талантты аштым, өйткені мен бір мезгілде құрылысшы, жабдықтаушы, бағбан және сантехник болуым керек. Бұл жұмысты қарапайым деп айту менің орнымда болмаған адам ғана айтуы мүмкін. Менің жұмысым үлкен жауапкершілікті, барлық мәселеде саналылықты талап етеді. 

 

Нугуманов Беркут Казиевич и Сагдиев Бакытжан – ғимаратқа кызмет 

Нугуманов Беркут Казиевич и Сагдиев Бакытжан

көрсетушілер

Қолына  киіп қолғапты,

Ауланы ағай сыпырды.

Тазалап қарды мұздарды,

Бәрімізге ол жол ашты.

Аула сыпырушы деген ең құрметті қызметтің бірі. Өйткені, ол қызмет иелерінің арқасында біздің балабақшамыздың ауласы тат-таза!

 

Яговдик Лариса Даниловна – кір жуушы

Яговдик Лариса Даниловна

Аппақ жуған сүлгісі
Төсек орын тап-таза.

 

Біздің сүйікті аспаздарымыз:

   

Ертаева Даржан Капсановна – аспазшы

Махметова Женискуль Халеловна

«Ас - адамның арқауы»,
Аспазшы апай біледі.
Дәмді етіп бар қауымды
Ас-ауқат беріп жүреді.
Еңбегі оның еленер,
Алғысты алып әр күні.

Махметова Женискуль Халеловна – аспазшы

 

Ертаева Даржан Капсановна

 

Мақаланы құрған күні 04.01.2023 09:58

Мақаланы жаңартқан күні 17.04.2026 11:18

Сүйіспеншілікпен қабылдап, жан-жақты дамытамыз, абыроймен тәрбиелейміз, мақтанышпен шығарамыз ...