«Сәуле» бөбекжай-бақшасы» МКҚК

Біздің балабақша – бұл сүйкімді, аяулы, ақылды, көңілді, көрікті, батыл да батыр, өнер мен білімге құштар білдіршіндердің алтын ұясы.

Біздің балабақшадағы әр бала үшін жасаған іс-әрекетіміз осы бүлдіршіндердің дамуы  мен жетілуіне бағытталады. Балабақшаның басты міндеті-бала тәрбиелеу, яғни балаға сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру - мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында берілетінін ескеріп, біз балаларымызда мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін осы бастан меңгерту жолдары дүрыс қалыптастырудамыз. Балабақша бағдарламасы бойынша МЕМЛЕКЕТТІК тілді оқытумен қатар жоғары топтарда математиканы тереңдетіп оқыту және логикалық ойлауын дамыту жұмыстары жүргізілуде. 

 


 

Мемлекеттік рәміздер

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы — ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы — 1:2.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштықтың пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады.

Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты қасиеттеріне сәйкес келеді. Шұғылалы алтын күн тыныштықпен байлықты бейнелесе, дала бүркіті қазақстандықтар ұғымында дарқандық пен қырағылық, биіктік белгісі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы суретші Шәкен Ниязбеков.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы — дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнелген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында, аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде — бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу — алтын түстес.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.

Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнеледі. Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.

Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

Сөзін жазғандар: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,
Даңкымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!

«Сәуле» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында мемлекеттік рәміздерді орналасуы:

 


Біртұтас тәрбие


 

 

 

 

06.08.2024 ж. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!  

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Сәуле» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Тәрбиеші», «Педагог-психолог» бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды: жүктеп алу  

 2023 ж. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 

«Сәуле» бөбекжай-бақшасы» МКҚК «Тәрбиеші», «Педагог-психолог» бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды жүктеп алу


Біз туралы

Білікті ұстаздар, қамқор ұжым! «Сәуле» балабақшасы – ата-анаға кәсіби көмек және баланың ұқыпты дамуы!

Тамақтану

Тамақтану - баланың өсу процестерінің қалыпты жүруін, физикалық және жүйке-психикалық дамуын қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Тамақтану сапасының нашарлауы бала денесінің қорғаныс және бейімделу механизмдерінің деңгейінің төмендеуіне және аллергиялық реакциялардың ықтимал артуына әкеледі, ас қорыту жүйесі ауруларының өсуіне ықпал етеді. Сондықтан біздің балабақшада тамақ сапасына көп көңіл бөлінеді!

Төлем ақы тарифтері

2–3 жасқа аралығы – 18249 теңге

3-6 жас аралығы – 22628 теңге


Барлық жас топтарына ұнемі қабылдау жүргіземіз

Толық ақпарат келесі телефондар бойынша беріледі: 42-61-25, 42-55-70. Үздік педагогтер, ата-аналардың тамаша пікірлері, риза балалар - бұл біздің балабақшамыз жайлы.


Медициналық кабинет

Балабақшамыздағы оқу-тәрбие үдерісіне жоғары сапалы медициналық қамтамасыз етуді медицина қызметкері көрсетеді.

Тәжірибелі педагогтер

Бақшада балалармен жұмыс істейтін әрбір адам педагогикалық немесе психологиялық білімі бар, тәрбиешілер біліктілігін арттыру курстарынан үнемі өтіп отырады.

Салауатты тамақтану

Күн сайын ас мәзіріңде ет, сүт, көкөніс тағамдары, балық, қышқыл сүтті сусындар, жаңа піскен жемістер, шырындар және басқа да өнімдер енгізіледі.

Сүйіспеншілікпен қабылдап, жан-жақты дамытамыз, абыроймен тәрбиелейміз, мақтанышпен шығарамыз ...